Кезектен тыс педагогикалық кеңес » ОШ №8 п.Гранитогорск
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Merki district
Reception room :
+7(72632) 2-60-20
bookkeeping:
+7(72632) 2-60-20
Version for
visually impaired
» » Кезектен тыс педагогикалық кеңес
24
April
2024

Кезектен тыс педагогикалық кеңес

Қүн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1. 9,11 сынып білім алушылардың қорытынды аттестаттауы туралы.

2. 11 сыныпты бітіретін оқушыны қорытынды аттестаттаудан босату туралы.

2023-2024 оқу жылында  мектепте 9,11 сынып білім алушылары қорытынды аттестаттаудан өтеді.Қорытынды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы  №125 бұйрығының  1 қосымша және ҚР Оқу ағарту министрі 2023  жылғы 13 сәуірдегі №96 бұйрығының 1 қосымшасының 3 тарауы  негізінде жүргізіледі.Мектепте барлығы 35 оқушы : 9а сыныптан – 9 оқушы, 9б сыныптан – 15 оқушы, 11а сыныптан – 5 оқушы, 11б сыныптан – 5 оқушы қорытынды аттестаттаудан өтеді. Қорытынды аттестаттауға дайындық кестелері жылдың басында жасалынып бекітілген, сол кестеге сәйкес пән мұғалімдері дайындықты жүргізіп жатыр. Мектепте қорытынды аттестаттау 9 сыныптар үшін  29 мамырдан – 10 маусым аралығында,  11 сыныптар үшін  28 мамырдан  - 11 маусым аралығында өтеді.  9 сынып оқушылары мынандай мерзімде 4 емтихан тапсырады:

1.Қазақ тілі / орыс тілінде білім алатын сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанды жазбаша емтихан – 2024 жылғы 29 мамыр;

2.Математика (алгебра) бойынша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы  6 маусым;

3.Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқитын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;

4.Таңдау пәні (Қазақстан тарихы) жазбаша емтихан – 2024  жылғы 10 маусым;

  1. сынып білім алушылары   мынандай мерқімде 5 емтихан тапсырады:

  1.Қазақ тілі / орыс тілінде білім алатын сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі)    бойынша  жазбаша емтихан – 2024 жылғы 28 мамыр;

2.Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан -2024 жылғы  31 мамырда;

3.Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан  - 2024 жылғы 4 маусым;

4. Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан  және қазақ тілінде оқитын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан   – 2024 жылғы 7 маусым;

5.Таңдау пәні бойынша (биология, география ) жазбаша емтихан – 2024 жылғы 11маусым.